2024-06-22 02:24:35
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жетісай театрының кезекті маусымы жабылды

Жетісай театрының кезекті маусымы жабылды

Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының 54-ші маусымы Мұхтар Әуезовтің «Жас Абай» қойылымымен қорытындыланды. Қойылым желісі Ұлы ойшыл, қазақ поэзиясының алыбы Абай Құнанбайұлының бозбала шағын бейнелейді.

Мазмұнды қойылымнан соң театр басшысы Орал Камал театрсүйер көрерменге өз ұжымы атынан ыстық ықыласқа толы рахметін айтып,  54-ші маусымда ұжым арасында үздіктер қатарынан табылған бір шоғыр қызметкерлерді арнайы сертификаттармен, қола мүсіндермен марапаттады.

Атап айтқанда «Үздік әртісі» номинациясымен Абылайхан Қыдырәлиев, Арман Өтебеков, Жадыра Атахаева, ал «Үздік техникалық қызметкер» номинациясымен Қолаңшаш Жұманазарова, Ержан Бакиров, «Үздік шаруашылық қызметкер» номинациясымен Утепберген Кайбуллаев, Гүлнәр Зияханова марапатталды. Сонымен қатар әдебиетші Өсімхан Пістебектің «Қынсыз қылыш Құрманбек» драмасы мен драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Айпадтан шыққан алтын сақа» балаларға арналған ертегісі «Көрермен көзайымы болған қойылым» атағына ие болды.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР