2024-07-27 12:51:28
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жетісай театрында «АЙМАН-ШОЛПАН» қойылымының премьерасы өтті

Жетісай театрында «АЙМАН-ШОЛПАН» қойылымының премьерасы өтті

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында театр сахнасында заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының премьерасы сахналанды.

Айман мен Шолпан – Маман байдың ерке қыздары. Әкесі екеуін ұзатпақ болғанда айналадағы еркек біткен бойжеткен сұлу қыздарға қызығып, үйленбек ниетте ынтызарлықпен әрбірі білек сыбана сүйіспеншілік «майданына» түседі. Сөйтіп,махаббат жолындағы қызғын күрес басталады. Бұл күресті автор қызықты, әрлі әрі әдемі сипаттап, оқиғаның бояуын қанықтырады. Яғни, халықтық салт/дәстүрмен әрленген қойылым жанр талабына сай  жеңіл әзіл, махаббат шиелінісін, кейіпкерлер мінездерін , жеңіл музыкалық әуенмен  оқиғалар байланысын ширықтыра көрсетті.

Жалпы көріністе жігіт нөкерлер, қыз нөкерлер, саудагерлер, тойшылдар қызықты оқиғаны жандандыра түсті.

Автор ойын әдемі сахналастыра білген режиссер Т.Ахмет, режиссер ассистенттері Ж.Файзиев, А.Өтебеков пен суретші Х.Байтелиев, хореограф Қ.Букеева көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР