2024-07-27 08:21:53
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жетісай қаласында Шәмші шығамашылығынан «СЕН СҰЛУ» атты ән кеші өтті

Жетісай қаласында Шәмші шығамашылығынан «СЕН СҰЛУ» атты ән кеші өтті

Бүгін Жетісай аудандық мәдениет үйінде ән әлемінің падишасы, қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығынан «Сен сұлу» атты мерекелік концерт өтті.

Сазгердің туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертте, Жетісай ауданы мәдениет үйі өнерпаздары «Сыр сылуы», «Арқалықтың ақ таңы», «Сен сұлу», «Кешікпей келем деп ең», «Отырардағы той», «Қайдасың», «Туған күн кешінде», «Сыған серенадасы», «Жақсыгүл», «Дүнген қыз», «Бақыттымын құрбылар»,«Арыс жағасында», «Өмір өзен» атты шығармаларын кеңінен шырқап, мерекелік шараға жиналған барша өнер сүйер қауымға рухани ләззат, көңілді кеш сыйлады.

40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Шәмші Қалдаяқов 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тарады.

Сазгердің халық арасында әсіресе отаншылдық, елшілдік туралы «Менің Қазақстаным» туындысы айрықша болып, 2006 жылы ол әні ҚР Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР