2024-07-27 08:50:47
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жетісай драма театры «ҚЫНСЫЗ ҚЫЛЫШ ҚҰРМАНБЕК» драмасын сахналады

Жетісай драма театры «ҚЫНСЫЗ ҚЫЛЫШ ҚҰРМАНБЕК» драмасын сахналады

Түркістанда Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының «Қынсыз қылыш Құрманбек» драмасы сахналанды.

Өсімхан Пістебектің бұл туындысы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің аясында көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Драма желісі қазақ драма және опера театрларының негізін қалаған өнер тарланы Құрманбек Жандарбеков туралы. Қойылымда ұлы актердің, талантты режиссердің қазақ сахна өнерін жанындай сүйгендігі, осы жолда көрген қиыншылықтары, қуанышы мен қайғысы, сол заманның елесі бейнеленген. Құрманбек Жандарбеков сталиндік зұлматтар тұсында өмір сүрсе де ардан аттамаған тұлға. Сонау 1936 жылы Қазақстанның халық әртісі атанып, одан кейін Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Ол үлкен театрларды басқарса да өн бойынан адамгершілігін, қарапайымдылығын, ізгілігін жоғалтпаған мәдениет майталманы. Қоюшы режиссері – Тілеген Ахмет, суретші – Халит Байтелиев.

Кеш соңында театр директоры Орал Камал Түркістан жұртшылығын 5 жылдық мерекемен құттықтай отырып, келген қонақтарға алғысын білдірді. Айта кетейік, күні кеше бастау алған Жетісай ауданының мәдениет күндері үш күнге жоспарланған.

Ертең, 25 маусым күні сағат 20:00-де белгілі эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожаның қатысуыме гала-концерт өтеді.

Түркістан облысының
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР