2024-07-27 07:52:43
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жетісай ауданының спортшылары турнирден үшінші орынмен оралды

Жетісай ауданының спортшылары турнирден үшінші орынмен оралды

17-19 шілде аралығында «AMANAT» партиясы  Түркістан облыстық филиалының қолдауымен «AMANAT CUP» үстел теннисінен облыстық ашық турнир  болып өтті.

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған   турнирге жасөспірімдер мен ересектер 6 жас ерекшелігі бойынша (2005-2009 ж.т, 2010-2012 ж.т,  2013 жыл және одан төменгі жас ерекшеліктері бойынша қыздар және ұлдар жекелей бақ сынады.  Ал ересектер 18-40 жас, 41-59 жас, 60 жастан жоғарғы жастағы әуесқой және кәсіпқой қатысушылар кім мықтыны анықтады) сайысты.

Жарысқа Түркістан облысының барлық аудан, қалаларынан бөлек Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда облысы және Қырғызстаннан теннисшілер қатысты.

18 шілде  жарыстың келесі санаты бойынша жасөспірімдер арасында турнир басталды. Оған  жеңістен үміткер 200-ге жуық жасөспірім бар өнерлерін ортаға салды.

Жалпы 6 санатты қамтыған жарысты  19 шілде күні ересектер қорытындылады.

Жетісай ауданының атынан  №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің теннисші ұл қыздары қатысып, үшінші орынды иеленді. Атап айтар болсақ:

ІІІ  орын  Есімхан Орынбасар 2010 2012 ж.т жасөспірімдер арасында

ІІІ  орын  Болатбек Шахмардан 2013 ж.т жасөспірімдер арасында

ІІІ  орын  Болатбек Назерке 2013 ж.т жасөспірім қыздар  арасында

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев арнайы қатысты. Төраға өз кезегінде жарысқа қатысушыларға, бапкерлер мен ұйымдастырушыларға, қолдау білдірген ұжымға алғысын білдірді, жеңімпаздарды  арнайы алғыс хаттар мен жүлделі орындармен марапаттады.

Турнирді алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарлануда. Жастарды жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР