2024-07-27 12:41:29
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жетісай ауданының мәдени көші киелі Түркістан төрінде

Жетісай ауданының мәдени көші киелі Түркістан төрінде

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Түркістан қаласында өтетін Жетісай ауданының мәдениет күндері басталды. Жетісай көшінің шымылдығы Этноауыл аумағында «Өнер тамған он саусақ – үзілмейтін ырысың» атты суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінен жәрмеңкелерімен ашылды.

Шара барысында ауданның қылқалам және қолөнер шеберлерін қатыстыра отырып, сурет салу, қолөнер бұйымдарын дайындау жұмыстары көпшілік назарына ұсынылып, қала тұрғындары мен қонақтарының оң бағасын алды. Сонымен қатар «Салт – дәстүрім салтанатым» атты ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты көріністер сахналанды.

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай және ұлттық мәдениет пен өнерімізді дәріптеу, өлкенің туристік әлеуетін дамытуды мақсат еткен фестиваль аясында өтіп жатқан Жетісай ауданының мәдениет күндері үш күнге жалғасады. Ертең, 24 маусым күні Этноауыл аумағында сағат 11:00 «Ұлттық спорт – ұлтымыздың нышаны» атты қазақ күресінен және тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, қошқар көтеру сынды ұлттық спорт ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар, сағат 16:00-де облыстық «Farab» кітапханасында Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры «Қынсыз қылыш – Құрманбек» атты драмасын ұсынады.

Ал 25 маусым күні сағат 20:00-де «Visit Turkistan» орталығы алаңында «Өнерлі өлке – Жетісай» атты аудан өнерпаздарының қатысуымен Гала-концерт өтетін болады.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР