Спорт – адамның айнымас серігіне айналған өмір сүру салтының бір түрі. Оны насихаттау, шұғылдану әрбір адамның азаматтық парызы!
Спортта бағындырар белестер көп! Осынау табиғаты әсем Төлеби ауданының «Бәйшешек» сауықтыру спорт базасында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен «Спорт күні» мерекесі жоғары дәрежеде атап өтіліп және 2023 жылдың тамыз айының 14-20 күндері аралығына жоспарланған «Спорт күні» кәсіби меркесіне орай дене шынықтыру және спорт қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиаданың финалдық ойындары өтті.
Бұқаралық спорт — болашақ жеңістердің бастауы. Спортың кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, және арқан тарту түрлерінен іріктеу жарыстарынан бастау алған облыстық спартакиаданың финалдық ойындарында ең мықты командалар және олардың үздік ойыншылары анықталып, жүлделі орындармен марапатталды.
Тартысты жарыстарда Жетісай ауданының командасы үстел теннистен қыздар арасында өткен жарыстарда жүлделі I орынды иеленсе, ал жiгiттер кіші футболдан жүлделі II орының жеңімпазы атанып, арнайы дайындалған дипломдармен марапатталды. Спартакиаданың қорытындысы бойынша Жетісай ауданының командасы жалпы командалық есепте жүлделі II орынды иеленіп арнайы дайындалған диплом және кубокпен марапатталды.