2024-07-27 12:19:06
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жетісай ауданында жастар арасында спортты дамыту басты назарда

Жетісай ауданында жастар арасында спортты дамыту басты назарда

Еліміздің спортының дамуына сүбелі үлесі бар Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт саласы жыл сайын өркендеп келеді. Париж олимпиадасы қарсаңында өңірімізде олимпиадалық бағдарламаға енген барлық спорт түрлерін дамыту,  түркістандық саңлақтардың лицензиялық турнирлерге қатысу үшін жоғары деңгейдегі оқу- жаттығуларын өткізу басты назарда. Әлемдік талаптарға сай спорт кешендері бар ел қашан да қуатты. Аудан, ауылды жерлерде жергілікті талантты спортшы жастарға қолдау көрсету арқылы ғана Қазақстан спорты қарыштайды.

Осындай қағиданы ұстанған Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов әрбір аудандағы спортты көркейту де жаңаша бағытта жұмыс істеуге кірісті. Бүгін спорт жанашыры Еркеғали Амантайұлы Жетісай ауданындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысып, дарынды жергілікті жастармен дидарласты.

Сала мамандары мен бапкерлермен кездескен Е.Әлімқұлов ауданда қазіргі таңда спорттың дамуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жиынға Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары да арнайы қатысты. Басқосуда облыстық спорт басқармасына спортты дамыту жөнінде қысқа мерзімдік жоспар әзірлеуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР