2024-04-28 02:43:56
6.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты аяқталды

Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты аяқталды

Жеңіл атлетика — спорттың падишасы. Осы ретте, Алматы қаласында 2006-2007 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды.  Жас атлеттер арасында Түркістан облысының намысын қорғап қайтқан  облысымыздан спортшылары 3 алтын, 5 күміс жеңіп алып, мерейімізді үстем етті. Жеңістің тұғырынан көрінген Маман Нұрдәулет найза лақтырудан алтын медаль, ал болашағы жарқын

Айгерім Манасбай да найза лақтырудан жеңімпаз атанды. Бұдан бөлек күш-жігері жеңіске толған тағы бір жерлесіміз Аружан

Алтыбай 2000 метр  кедергімен жүгіруден көш бастады.

Ал, жеңіл атлетикадан өткен бұл сайыста түркістандық атлет Диас Алтынбай найза лақтырудан күміс жүлдегер атанса, өзінің шеберлігін көрсеткен Аружан Алтыбай да 1500 метрге жүгіруден күміс,  800 метрге жүгіруден де екінші күміс алқаға қол жеткізді.

Сонымен бірге, Ел чемпионатында Ұлданай Абылхан 2000 және 3000 метр кедергімен жүгіруден күміс жүлдеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР