2024-07-27 07:35:19
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жеңіл атлетикадан ел чемпионаты мәресіне жетті

Жеңіл атлетикадан ел чемпионаты мәресіне жетті

Алматы қаласында жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің  арасындағы 2006-2007 және 2008-2009 жылы туылған  жасөспірімдердің Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Найза лақтырудан жарыс жолына шыққан түркістандықтар 4 алтын, 2 қола медаль иеленді. Олардық қатарында Нұрдәулет Маман, Шадияр Құлатай, Айгерім Манасбай, Ұлбосын Есіркеп сынды талантты спортшылар топ жарса, Жасулан Кенгес пен Жігер Елбосын қолаға жүлдені қанағат етті.

Сонымен қатар, 2000 метр кедергімен жүгіруде Ұлданай Абылхан ешкімге дес бермесе, 3000 метрге жүгіруде күміске қол созды. 2000 метрге жүгіруден Бәйдібек Елубай топ жарып, алтыннан алқа тақса, 1500 метрге кедергімен жүгіруде күміс жүлдені еншіледі. Ал, Аружан Алтынбай 800 метрге жүгіруден және көпсайыстан қола медаль олжалады.

Сондай-ақ, Малика Азизова 2000 метр кедергімен жүгіруде күміс медальға иелік етті.

Ел чемпионатында топ жарған спортшылар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР