2024-07-27 08:54:49
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жекпе-жек ұлттық спорттан ел кубогі сарапқа түсті

Жекпе-жек ұлттық спорттан ел кубогі сарапқа түсті

Ақтөбе қаласында жекпе-жек Ұлттық спорт түрінен 9-13 тамыз аралығында жасөспірімдер мен юниорлар Қазақстан кубогін сарапқа салды.

Еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан іріктеліп келген спортшылар қатысып, тартысты жекпе-жектер өткізді. Еліміздің кубогі жолындағы бәсекеде Түркістан обоысының спортшылары да жүлдеден құр қалмады.

16-17 жас аралығындағы тартыста жерлесіміз 58 келіде күш сынаған Кәрім Айтолқын алтын медальді мойнына ілді. Ал,  12-13 жас аралығындағы жекпе-жекте 45 келідегі жерлесіміз Нұртас Тасқара күміс медальді олжаласа, осы жас ерекшелігіндегі тағы бір дарынды жерлесіміз 43 келідегі Биләл Тәнірберді қола алқаны қанағат етті. Сондай-ақ, 34 келіде Ануар Тоқсанбай да қолаға қол созды.

Жеңімпаз және жүлдегер спортшыларды құттықтаймыз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР