2024-07-27 09:02:58
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жасөспірім футболшылары оқу-жаттығу жиындарын өткізуде

Жасөспірім футболшылары оқу-жаттығу жиындарын өткізуде

Қазіргі таңда республикамызда балалар футболын дамытуға мемлекет тарапынан үлкен мән берілуде. Әсіресе, аудан, ауылды жерлерде футболға қабілетті талантты балаларды кәсіби тұрғыда спортқа баулу күн тәртібінен түскен емес. Бұл ретте, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірімізде балалар мен жасөспірімдердің футболын әлемдік талаптарға сай дамыту үшін игілікті істерді атқаруда.

Сонымен қатар, облыс спортының басшысы Қанат Жолдықараев әрбір жас футболшының халықаралық деңгейде тәлім алып, еліміздің отандық футболын өркендетуде жергілікті жастардың үлесі басым екенін, және оларға көптеп қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Бүгінде Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған облыстық футбол мектебінің» 2011 жылы туылған  дарынды шәкірттері кезекті оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Шымкент қаласында жоғары деңгейде техникалық әрі физикалық тұрғыда жаттығу жасап жатқан аға бапкер Раушан Худайназаров баптайтын жасөспірімдер командасы алдағы кезде өтетін футболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына жоғары деңгейде жаттығу жасауда.

Түркістан облысында спорт саласының өркендеуіне мол үлесін қосып келе жатқан білікті басшы, облыстық футбол мектебінің директоры Дәулетияр Әлиев әрбір шәкіртінің кемелді келешегіне сенімді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР