2024-04-20 20:18:20
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жасөспірім футболшылар ел чемпионатының күміс жүлдегері

Жасөспірім футболшылар ел чемпионатының күміс жүлдегері

2008 жылғы туылған жасөспірімдер арасында футболдан ауыл спорт мектептерінің шәкірттері күш сынасқан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Білікті басшы Дәулетияр Әлиев басқаратын Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған облыстық футбол мектебінің» талантты шәкірттері күміс жүлдегер атанды.

Облысымыздың тәжірибелі бапкері Тілеген Сатыбалдиевтің айтуынша, республикалық жарыс өте тартысты өтіп, оған 8 команда қатысқан. Әр топқа бөлініп күш сынасқан футбол додасында Жамбыл облысының  «Талас», «Байзақ» командалары мен Түркістан облысының жасөспірімдер құрамасы мен Маңғыстау облысының жасөспірім ойыншылары бір топта бақ сынасты.

Топтан көш бастап шыққан түркістандықтар жартылай финалда Сайрам ауданының  «Ақсу» футболшыларын жеңіп ақтық сынға жолдама алды. Түркістан облысының намысын қорғаған облыс футбол мектебінің шәкірттері жауапты кездесуде маңғыстаулықтармен матч өткізіп, ақтық сында 0:1 есеппен ұтылды. Жасөспірімдер арасында футбол спорты арқылы достық пен бірлікті насихаттайтын бұл ауыл спорт мектептерінің арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында шәкірттеріміз күміс жүлдегер атанып, туған елге олжалы оралды. Бар саналы өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнап келе жатқан Тілеген, Дәурен Сатыбалдиевтердің  ізбасарларының болашағы жарқын. Жас та болса өн бойлары намысқа тұнған түркістандықтар алдағы кезде де биік белестерді бағындыруға бар күш-жігерлерін салатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР