2024-04-19 16:09:35
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жас спортшыларыға құрмет көрсетті

Жас спортшыларыға құрмет көрсетті

Үстіміздегі жылдың 15-18 мамыр аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан «Ұлттық мектеп лигасы аясында» өткен ел чемпионатында ауданымызға  қарасты Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары (8 оқушы) жүлделі 1 орынан көрініп, облысымыздың  мерейін үстем етті.

Ауданымыздың абыройын асқақтатқан жас спортшыларымызды бапкерлерімен бірге аудан әкім Нұржан Ізтілеуов арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

— Сіздердің жеңістеріңіз облыс жастары үшін үлгі болып, мектеп жасындағы балалар арасында спортқа деген қызғушылықты арттырып отырғаны сөзсіз. Алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындырып, ауданымыздың, облысымыздың мерейін үстем етіп, жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге тілектеспін- деп, аудан әкімі аудан тұрғындарының және өз атынан Алғысын білдірді. Сонымен қатар, Нұржан Жақсылықұлы спорт пен білімді де қатар алып жүру керектігін жеткізіп, жас спортшылар мен бапкерлерін алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Кездесу соңында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадырбек және спортшыларымыздың бапкерлері осынау құрмет көрсетіп, қабылдаған аудан әкіміне алғыстарын жеткізіп, ел игілігі жолындағы қызметінде сәттілік тіледі.

Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылы «Ұлттық мектеп лигасы аясында» Аудан мектеп оқушылары  спорттың 10 түрінен (15 команда)  Түркістан облыстық жарысқа қатысып, оның ішінде 7 команда Республикалық жарысқа жолдама алса, жарыстар қорытындысы бойынша 2 команда бірінші орын, 2 команда екінші орын, 1 команда 3 орын жеңіп алған болатын.

2022-2023 оқу жылы «Ұлттық мектеп лигасы аясында» Аудан мектеп оқушылары арасында спорттың 10 түрінен 23 команда облыстық чемпионатта бақ сынап, оның ішінде 10 команда Республикалық жарысқа жолдама алды.

2022-2023 оқу жылы 20-24 сәуірде Астана қаласында өткен столдағы теннистен Абай атындағы мектеп-лицейінің 7-8 сынып оқушылары 2 орынды, 27-30 сәуірде жеңіл атлетика спорт түрінен С.Бреусов ЖОМ 9-11 сынып оқушылары 3 орынды, бес асықтан Ғ. Мұратбаев ЖОМ 7-8  сынып, 9-11 сынып оқушылары жүлделі 3 орынды жеңіп алды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР