2024-04-25 23:01:21
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жаңа кітапхана ғимараты ашылды

Жаңа кітапхана ғимараты ашылды

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шаға ауылдық округіне қарасты Бершін төбе елді мекенінде жаңа кітапхана ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының Әдістемелік бөлім меңгерушісі Айнұр Сұлтанбекова, Сауран ауданы мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты.

– Аудан әкімдігінің қолдауымен, жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен кітапхана оқырманға есігін айқара ашып отыр. Осында  Ойық елді мекенінің халық саны аз болуына байланысты көшіріліп отыр, – деді Жанар Жаңабекқызы.

Содан соң сөз алған облыстық кітапхананың бөлім меңгерушісі Айнұр Қабылбекқызы рухани-мәдени ошақтың ашылуымен көпшілікті құттықтап, Сауран ауданының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» басшысы Құндызай Ажмаханқызы облыстық кітапхана басшысы Жанат Сәдібекқызының арнайы сый-сияпатын табыстады. Әрі қарай кітапхана ғимаратының лентасы қиылып, келген қонақтар мен ауыл тұрғындары кітап көрмелерімен танысты.

Шара барысында ауыл ақсақалдары бата беріп, ақ тілегін айтса, кішкентай оқырмандар өз өнерін көрсетті. Ал аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, күй шертіп мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауыл кітапханасының қазіргі уақытта 6400 кітап қоры бар. Сонымен қатар мұнда коворкинг орталығы да ашылып отыр. Орталықта шеберлік сағаттары, семинарлар мен түрлі шаралар өтетін болады. Жастар бос уақытында өз идеяларын дамытып, осы аймақтың дамуына да ықпал ете алады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР