2023-09-29 23:53:13
17.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Жайдарман лигасының «Финалдық» ойыны өз мәресіне жетті

Ш. Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде, Мемлекеттік жастар саясатын дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, ұйымшылдыққа баулу және достық қарым- қатынас орнату мақсатында «Жайдарман лигасының» финалдық ойыны өтті.

Қала, ауыл мектеп оқушылары және орта арнаулы оқу орындары арасында ұйымдастырылған жартылай финал ойынына 6 команда қатысты.

Барлық командалар сайысқа жоғары дайындықпен келгендерін көрсете отырып, өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды әзілмен жеткізе  білді.

Жақсы әзілдерімен жүлделі 3-ші орынды №14-ші мектеп гимназиясынан келген «Ақ отау» командасы иеленсе, 2-ші орынды Байылдыр ауылының №9-шы мектеп оқушыларынан құралған «Жеңіс» командасы 2-ші орынды иемденді. «Жайдарман лигасының» 2023-ші жылғы чемпиондары, еркін құрама «На Рахате» командасы атанды.

Жүлделі орын алған командалар арнайы кубоктармен және Қала әкімінің орынбасары А.Байболованың арнайы алғыс хатымен марапатталды.

«Жайдарман лигасы-2023» финалдық кезеңінде демеушілік еткен Кентау қаласы Мәдениет және Спорт бөліміне алғыс білдіреміз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР