2024-07-14 18:34:14
32.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Венгриялықтар түркістанда өнеркәсіп орындарын ашуға ниетті

Венгриялықтар түркістанда өнеркәсіп орындарын ашуға ниетті

Түркістан облысына жұмыс сапарымен Венгрияның Алматы қаласындағы Бас консулы Cаболч Карой Сёке мен Сыртқы сауда бойынша дипломатиялық өкілі Иштван Тибор Ковач келді. Венгриялық делегациямен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров кездесті. Тараптар екі ел арасында, оның ішінде Түркістанмен экономикалық қарым-қатынасты күшейту, ауыл шаруашылы, өнеркәсіп, білім, мәдениет және туризм, спорт салалары бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелерін жан-жақты талқылады.

Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Түркістан облысының әлеуетіне кеңінен тоқталып, инвесторларға қарастырылған мүмкіндіктер туралы айтты.

– Облыс орталығы – Түркістан қаласы 6 жыл ішінде көркейіп, әсіресе, туризм және  кәсіпкерлік салалары қарқынды даму үстінде. Халықаралық рейстер саны артып жатыр. Түркістан өңіріне инвестиция салуға ниетті шетелдік инвесторлар да көбейді. Біз әрқашан өнеркәсіп орындарын ашамын деген азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Ол үшін мемлекет тарапынан жеңілдіктер де қарастырылған. Өңірде барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар бар. Оңтүстік халқы – еңбекқор. Кез келген жұмысты игеруге қабілетті. Тіпті, басқа өңірлер біздің жұмыс күшімізді пайдаланады. Басты мақсатымыз – жергілікті тұрғындарды жоғары еңбекақылы тұрақты жұмыспен қамту, – деді Нұралхан Көшеров.

Бас консул алдағы уақытта маңызды жобаларды бірлесе атқаруға ұсынысын жеткізді.

– Түркістанда осыдан 7 жыл бұрын болғанмын. Қазір қала танымастай өзгерген. Түркістан қаласының маңыздылығын білемін. Сондықтан дәл осы мекенде жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Қазақстандық жастар үшін Венгриядағы ЖОО-да бакалавр және магистратура деңгейлері бойынша тегін білім алуға мүмкіндік бар. Шәкіртақы да қарастырылған. Біздің әйгілі «Jazz Band» өнер ұжымы Түркістан қаласында өнер көрсетсе деген ұсынысымыз да бар. Спорттық шараларға да белсене атсалысуға, екі елдің ұлттық ойындарын Түркістан қаласында ұйымдастыруға әзірміз, – деді Cаболч Сёке.

Өз кезегінде Венгрияның сыртқы сауда бойынша өкілі Қазақстандағы венгриялық компаниялардың санын арттыруды көздеп отырғанын, ноу-хау технологияларын ендіруге қолдау көрсететінін жеткізді.

Кездесу соңында келесі айда екі ел кәсіпкерлерімен онлайн кездесу ұйымдастыру, қандай бағытта кәсіп ашу мүмкіндіктері көп екеніне талдау жүргізу келісілді.

Осы күні венгриялық делегацияға Түркістандағы экономикалық және индустриялық аймақтарға, өндірістік паркке аралау ұйымдастырылып, ондағы жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР