2024-07-27 09:30:15
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Ұлы дала елі» орталығының көшпелі көрмесі балалар лагерінде

«Ұлы дала елі» орталығының көшпелі көрмесі балалар лагерінде

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Ұлы Дала Елі» орталығы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында «Талдысу» лагерінің оқушыларына арнайы көрме ұйымдастырды. «Жәдігерлер сыр шертеді» атты көшпелі көрмеде қазақ қыз-келіншектерінің зергерлік бұйымдары мен қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтары, орталық экспозициясынан құралған фотокөрме таныстырылды.

Көрмені тамашалаған оқушылар әрбір жәдігердің тарихымен танысып, өз білімдерін толықтырды. Шара соңында орталық директоры Гүлжанат Дүйсенбаева лагерь директоры Елдос Жұмаділлаұлын арнайы Алғыс хатпен марапаттап, жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, аталмыш көрме мақсаты – орталыққа келуге мүмкіндігі жоқ шалғай ауыл-аймақ оқушыларын орталық қорындағы жәдігерлермен таныстыру арқылы ұлттық құндылығымыз бен жәдігерлерімізді насихаттау болып табылады.

Түркістан облысының мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР