2024-07-27 13:34:36
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалінде жерлестеріміз топ басында келеді

Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалінде жерлестеріміз топ басында келеді

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалі жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, теңге ілу, аударыспақ, жекпе-жек және жамбы ату мен саятшылық бойынша жеңімпаздар белгілі болды.

Түркістан облысының спортшылары барлық спорт түрлері бойынша жоғары көрсеткішке ие болды. Қазақ күресінен жалпыкомандалық 1-орынды алса, тенге ілуде де түркістандықтар ешкімге дес бермей, 1-орыннан көрінді. Сондай-ақ, жерлестеріміз жамбы атуда 3 алтын қанжығалап, командалық 1-орынды иеленді. Тоғызқұмалақ сайысында әйелдер құрамасы 1-орын, ал, ерлер құрамасы 8-орынмен аяқтады. Сонымен қатар, аударыспақтан жалпыкомандалық 2-орынды еншілеп, кестедегі ұпай санын жақсарта түсті. Ал, жекпе-жек спортынан Түркістан облысының құрамасы командалық 2-орыннан көрінді.  Бұл сында жерлестеріміз 3 алтын, 5 қола медаль олжалады. Дегенмен көкпар, асық ату спорт түрлерінде жеребе тартуда сәтсіздіктер орын алып, командаларымыз жүлделі орындардан көріне алмады.

Енді республикалық Ұлттық спорт фестивалін көкпар, дәстүрлі садақ ату, аламан бәйге спорт түрлері қорытындылайды. Бәйге жарысында «Аламан»бәйге, «топ» бәйге, «құнан»бәйге бойынша сәйгүліктер жарыс жолына шығады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР