2024-07-27 13:22:27
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ұлттық музей қоры Абай самаурынымен толықты

Ұлттық музей қоры Абай самаурынымен толықты

ҚР Ұлттық музейі қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы шай ішкен самаурынмен толықты.  Құнды жәдігерді Абай атындағы Халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қоры тапсырды.

«Ұлттық музейдің қоры ақынға қатысты тағы бір құнды жәдігермен толыққалы отыр. Бұл – Семей қаласындағы меценат Бекбай Байысовтың керуен сарайында тұрған, Абай Құнанбайұлы бастаған қазақтың зиялылары шай ішкен самаурын. Аталмыш тарихи жәдігердің тағы бір құндылығы – Семейде Абай атындағы алғашқы музей ашылғанда сол жердегі экспозицияға ұлы ақын пайдаланған тұрмыстық бұйым ретінде қойылуында», – деді Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Жүдебаев.

Самаурын халықаралық Абай қорынан табысталып отырған алғашқы жәдігер екенін атап өту керек. Бұл Ұлттық музей қорында сақталатын Абайға тиесілі 43-жәдігер атанды.

ҚР Ұлттық музейінің Қор жұмыстары қызметінің басшысы Бәтеш Ақпасова бұл самаурынның сипаттамалары жасалынып, арнайы ғылыми паспорты әзірленетінін айтты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР