2024-03-04 14:09:34
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ұлттық ғылым академиясының делегациясы түркістанда

Ұлттық ғылым академиясының делегациясы түркістанда

Бүгін Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өңірлік ғылымды дамыту мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының делегациясының мүшесі, «Ғылым» департаментінің директоры Руслан Нұрлыбаев, «Білім және азаматтық қоғам» басқармасының басшысы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Бекбол Рамазан, «Агробиоресурстар және экология» басқармасының басшысы Қуантар Алиханов, Баспасөз хатшысы Арман Құдайберген және облыс әкімдігінің басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында өңірлік ғылымды дамыту жолында аталған ЖОО ғалымдарының аяқталған, коммерцияландыруға дайын үздік жобалары таныстырылды. Сондай-ақ Түркістан облысындағы әр сала бойынша өңірдегі түйткілді мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Одан бөлек, делегация ХҚТУ-нің материалдық техникалық базасымен танысып, ғылыми инфрақұрылымдарды аралады.

Маңызды мәселелер ортаға салынған жиында сөз алған «Ғылым» департаментінің директоры Руслан Нұрлыбаев Ұлттық ғылым академиясының өңірлердегі ғалымдардың ұсыныстары мен ел экономикасына қосар үлесі жөнінде баяндады, сонымен қатар Президенттің арнайы тапсырмасымен оңтүстік өңірден бастау алған кездесу мақсатына кеңінен тоқталды.

«Біздің Түркістанға келгендегі мақсатымыз — ғылым мен өндірісті байланыстыру. Бүгінде еліміздегі өңірлерде қай бағытта ғылымды дамыта аламыз, қай бағытқа нақты көңіл бөлінуі керек, міне соны анықтау үстіндеміз. Осы жұмыстармен ұлттық ғылым академиясы үлкен форсайттық зерттеулер жүргізіп жатыр. Соның ішінде өңірлердегі ғылым ұйымдардың, ғалымдардың басын бір жерге, яғни Ұлттық ғылым академиясының төңірегіне жинау маңызды. Бірінші кезекте отандық ғалымдардың жаңа жобаларын өндіріске енгізу керек. Міне, осы бағытта Ұлттық ғылым академиясы жұмыс істеп, ғалымдарға қолдау білдіруді мақсат ететіні белгілі. Қазіргі таңда жас ғалымдардың шетелде білім алып, біліктілігін арттыруына жағдай жасалып жатыр. Мемлекет пен ғылым саласының дамуына үлес қосатын тың жобалар ұсынатын жас ғалымдарды Ұлттық ғылым академиясында бір ортаға жинауға атсалысып келеді», — деді Руслан Нұрлыбаев.

Сонымен қатар, университеттің стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева университеттің өңірлік ғылым мәселелерін шешу барысындағы жұмыстардың 2021 жылы басталғандығын жеткізді. Бұдан бөлек, тұрақты даму мақсатына бағытталған тұжырымдама жасалып, соның негізінде Түркістан облысы әкімдігімен, әр сала бойынша басқарма басшыларымен бірлесе жұмыс топтары құрылғандығын айтты.

Жиын соңында Ұлттық ғылым академиясы университет ғалымдарының аяқталған, коммерцияландыруға дайын үздік жобаларымен танысып, олардың өзекті деп танылған мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР