2024-04-20 17:10:10
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Турнирден жүлдемен оралды

Турнирден жүлдемен оралды

12-14 мамыр күндері аралығында Қарағанды қаласында КСРО спорт шебері, Орта Азия және Қазақ КСР чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, КСРО үстел теннисі федерациясының президенті Юрий Алексеевич Посевинді еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы клубтық турнирдің ІІ-кезеңі болып өтті. Турнирге Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстаннан келген 140 спортшы әртүрлі жас санаттары бойынша өнер көрсетті.

Аталмыш чемпионатқа қатысып қайтқан Жетісай ауданының  MARTEN командасы 42 команданың арасынан V орын иеленіп жекелей сында спортшыларымыз төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

Жекелей сында  2007 ж.т жасөспірім ұлдар арасында І  орын  Нәзір Рамазан.

Жекелей сында 2007 ж.т. жасөспірім қыздар арасында І  орынға Серікбай Назым ие болды.

Мектебіміздің жеңімпаз спортшылары мен жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймыз.

Жасөспірімдер арасындағы клубтық турнирдің  ІІІ-кезеңі (тамыз) айында  Ташкент қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР