2024-04-19 10:41:54
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Туған жердің түлегі, теңіздей терең — Мархабат»

"Туған жердің түлегі, теңіздей терең - Мархабат"

Кеше Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде Түлкібас ауданының тумасы, журналист, аудармашы, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұтты еске алу мақсатында «Туған жердің түлегі, теңіздей терең — Мархабат» атты онкүндік іс-шарасының ашылуы өтті.

Ондағы басты мақсат — қаламгердің шығармаларын кеңінен насихаттау, оқырмандардың көркем әдеби шығармаларды оқуға деген құштарлығын, қызығушылығын ояту, кітап әлеміне бетбұрыс жасауға баулу.

Онкүндікті мектеп директоры Н.Асилбеков ашып, Мархабат Байғұттың Оңтүстік өңіріне қосқан сүбелі еңбектерін атап өтіп, ауданның дамуына, көркеюіне үлес қосқан еңбектерін, шығармаларын айтып, оқушыларды кітап оқуға шақырды.

Айта кетейік, біраз жылдан Түлкібас ауданында дәстүрлі «Мархабат оқулары» байқауы өтіп келеді. Бұл жолғы қаламгер Мархабат Байғұттың шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген іс-шарасы бұдан кейін де аудан көлемінде жыл бойы өз жалғасын таба бермек.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР