2024-03-29 05:39:42
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тұрсын Нұрдәулет грек-рим күресінен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері

Тұрсын Нұрдәулет грек-рим күресінен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері

Еліміздің әсем қаласы Астана қаласында  Жақсылық Әмірұлы Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, 2023 жылдың мамыр айының 16-18 күндері қазақтан шыққан тұнғыш олимпиада және әлем чемпионы, қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған жастар арасындағы грек-рим күресінен халықаралық турнир болып өтті.

Елорда төрінде Олимпиада чемпионын еске алуға арналған үшінші рет ұйымдастырылған Халықаралық турнирге Израиль, Әзірбайжан,Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен, сондай-ақ еліміздің барлық қала, облыс, аудандарынан ең мықты спортшылар қатысқан байрақты бәсекеге, Жетісай ауданының спортшысы Тұрсын Нұрдәулет қатысып келді.

Спортты жанына серік еткен ауданымыздың спортшысы 72 кг салмақ дәрежесіндегі  Тұрсын Нұрдәулет турнирдің жалпы нәтижесі бойынша жүлделі  II орынға қол жеткізіп, халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Жемісті тәрбие білікті маман қолында демекші спортшымыздың жаттықтырушысы -Сүлейменов Қанат.

Жетісай ауданының мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан спортшымыз Тұрсын Нұрдәулетті  халықаралық турнирдің күміс жүлдегері болуымен құттықтаймыз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР