2024-03-04 14:13:33
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанның «ТОМИРИС-ТҰРАН» командасы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Түркістанның «ТОМИРИС-ТҰРАН» командасы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Түркістан облысы, Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте орналасқан Мұхтар Оразалиев атындағы «Ұлан» спорт кешенінде футболдан әйелдер арасындағы Түркістан облысының «Томирис-Тұран» командасының аруларын марапаттау рәсімі өтті. Биыл футболдан әйелдер арасындағы чемпионатқа елімізден 5 команда қатысып, өте тартысты ойындар өткізді. Нәтижесінде  Шымкенттің «Биік-Шымкент» командасы І орынды иеленсе, Түркістан облысының «Томирис-Тұран» командасы чемпионаттың күміс жүлдесіне қол жеткізді. Көкшетаудың «Оқжетпес» құрамасы қола жүлдегер атанған болатын.

Жасөспірім қыздар арасында да ел чемпионаты аяқталды. Бұл сында «Томирис-Тұран» командасының 2007-2008 жылы туған жасөспірім қыздары ел чемпионы атанды. Олар маусым барысында жалпы 17 ойын өкізіп, 15 ойында жеңіске жетсе, бір рет тең нәтиже тіркеген. Ал, бір ойында жеңіліс тапты. Осылайша, Азамат Иманбеков баптайтын шәкірттер өз мықтылықтарын көрсетіп, алтын медальдің иегерлері атанды.

Айтулы жетістікке жеткен түркістандық аруларға құрмет көрсетілді. Іс-шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Айтмахаметәлі Бердашев пен «Тұран» спорт ойын түрлері клубының директоры Сабыржан Қалдыбекұлы қатысып, тұрандық аруларға сый-құрмет көрсетіп, алғыстарын білдірді. Келесі маусымда бұдан да биік нәтижеге жетуге күш салу керектігін  жеткізді. Сондай-ақ жиынға аяқдоп шеберлерінің ата-аналары және жанкүйерлері келіп, қуаныштарымен бөлісті.

Айта кетейік, футболдан әйелдер арасындағы чемпионаттың күміс жүлдегері атанған «Томирис-Тұран» командасы УЕФА чемпиондар лигасына жолдама алды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР