2024-04-29 01:49:31
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандықтар белбеу күресінен өткен әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль олжалады

Түркістандықтар белбеу күресінен өткен әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль олжалады

Астана қаласында белбеу күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Оған Түркістан облысының ең таңдаулы  8 балуаны қатысып, 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медальға қол жеткізді.

Классикалық түрінен 57 келі салмақта өнер көрсеткен Қалмахан Тұрмағамбет екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ал 75 келі салмақта облыс намысын қорғаған жас балуан Ақтөре Сұлтанбекұлы топ жарып, алтын тұғырдан көрінді. Сонымен қатар, 90 келі салмақта талантты балуан Айдарбек Тоқтарбек те екі дүркін әлем чемпионы болып, жанкүйерлерін қуантты. Айдарбек өткен жылы Өзбекстанның Наманган қаласында жалауы желбіреген әлем чемпионатының шыңын бағындырған болатын.

Белбеу күресінің еркін түрінен 75 келіде сынға түскен болашағынан мол үміт күттірген Төребек Молдашев күміс жүлдегер атанды. Ал, талай халықаралық додаларда топ жарып келе жатқан Түркістан облысының талантты балуан қызы Перизат Жақыпбекова қола жүлдені қанағат етті.

Әлемдік додада Қазақстан ұлттық құрама командасы жалпы 6 алтын жеңіп алса, соның үшеуін Түркістан облысының дарынды балуандары олжалады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР