2024-07-27 12:05:44
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандық жастар халықаралық фестивальде жүлделі орындарды иеленді

Түркістандық жастар халықаралық фестивальде жүлделі орындарды иеленді

Өзбекстанда 27-29 шілде аралығында жастар арасында көршілес елдер арасындағы достықты нығайту мақсатында “Бауырым, болашақ жастардың қолында” атты халықаралық жастар фестивалі өтті.

Жызақ облысында өткен фестивальға Өзбекстанның Сырдария және Самарқанд облыстарының, сондай-ақ Қазақстанның Түркістан облысы мен Тәжікстан Республикасының Соғды облысының делегациясы қатысты.

Түркістан облысының делегациясын облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов бастап барды. Делегация құрамында аудан әкімдіктерінің жауапты сала өкілдері, қоғам белсенділері, үздік жастар болды.

Шараның алғашқы күні Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан Республикалары арасында достық меморандумы жасалды.

Үш күнге созылған бағдарламада түрлі бағытта атап айтқанда, кіші футбол, үстел теннисі, шахмат, киберспорт және жүзу сынды спорт түрлерінен жастар арасында жарыстар өтті.

Жарыс нәтижесіне сәйкес, Түркістан облысының жастары төмендегідей нәтижелерге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

⚽Кіші футбол — 3 орын

Үстел теннисі (ұлдар арасында) — 1 орын

Шахмат (қыздар арасында) — 3 орын

Жүзу (ұлдар арасында) — 1 және 2 орын

Жүзу (қыздар арасында) — 3 орын

Бағдарламаға сәйкес, жастар Жызақ қаласындағы IT park кешені, Президент мектебі және күніне 160 көлікті дайындап шығаратын Cherry зауытына экскурсия жасады.

Түркістандық жастар экскурсия кезінде Шароф Рашидов атындағы Жызақ облыстық ақпараттық-кітапхана орталығында болды. Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев кітапхана ұжымы мен оқырмандарға Түркістан облысы жастарының атынан ізгі ниетін жазып қалдырды.

Фестиваль соңы мерекелік концертпен аяқталды. Концерт соңына дейін Өзбекстан Республикасының белсендісі рубик текшесімен үш елдің Президентінің суретін жасап шықты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР