2024-06-13 23:14:19
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандық таеквондошылар республикалық турнирден жүлделі оралды

Түркістандық таеквондошылар республикалық турнирден жүлделі оралды

Маусым айының 22-26 күндері аралығында Ақтау қаласында таеквондодан өткен ҚР чемпионатында Түркістан командасы 6 алтын, 5 қола иеленді. Соның ішінде, 3 алтын, 2 қола Түркістан қалалық №1  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі спортшыларының еншісінде.

“Turkistan” халықаралық әуежайында жүлдегерлерді БЖСМ директорының орынбасары Нұрдәулет Сыздықов бастаған қызметкерлер, ата-аналары мен туған-туыстары қошеметпен күтіп алды. Жарыс чемпионы Ержігіт Кенжебайдың анасы Аманкүл Тоқсанбаева турнирге арнайы барып, жанкүйерлік танытқан. Ол ұлының жеткен жетістігіне қуанышты.

Түркістан облыстық Ә.Нұрмаханов атындағы ОРМБЖСМ спортшысы Зарнигор Толкинова  да балалар арасындағы турнир жеңімпазы атанды. Чемпион бұл жеңісінде жаттықтырушысы Жандарбек Тұрлыбектің еңбегі зор екендігін атап өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР