2024-07-27 08:53:18
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандық спортшылар құрметке бөленді

Түркістандық спортшылар құрметке бөленді

Бүгін спорт күніне орай «Фараб» кітапханасында мерекелік жиын өтті.

Мерекелік жиында спорт ардагерлері мен түрлі байрақты бәсекелерде киелі шаһардың абыройын асқақтатып жүрген спортшылар және сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, әдеп уәкілі Ерлан Кузембаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаттары қатысты.

Жиын ашылуында қала әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев сөз алып, спортшыларға шаһар басшысының мерекелік құттықтауын жеткізді.

Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев спорттың адам өміріндегі маңыздылығына тоқталып, осы салада аянбай тер төгіп жүрген спортшыларға сәттілік тіледі.

Іс-шара спортшылар мен спорт ардагерлеріне және сала қызметкерлеріне арналған арнайы алғыс хаттарды табыстаумен жалғасты.

Соның бірі Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» директоры Нұрланәлі Сыздықов, клубтың шахматтан спорт нұсқаушысы Алима Пашанова мен жас спортшымыз Нұрислам Сұлтанхан «Қала спортының дамуына үлес қосқаны» үшін қала әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР