2024-07-27 07:37:03
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандық спортшы ТМД ойындарында жүзуден 6 медаль иеленді

Түркістандық спортшы ТМД ойындарында жүзуден 6 медаль иеленді

Беларуссияның Брест қаласында 4-14 тамыз аралығында ТМД елдерінің ІІ ойындары өтті. Екінші рет алауы тұтанған бәсекеге 22 елден қатысушылар келіп, спорттың 20 түрінен өзара бақ сынасты. Оның ішінде 10-13 тамыз аралығында жүзуден әлемнің 11 елінен 133 саңлақ жарыс жолына шығып, жеңімпаздардың есімдері анықталды.

Дүбірлі додада Қазақстанның намысын түркістандық Дария Тоқтобаева қорғап, жүзу спортынан еліміздің қоржынына алғашқы медальді салды. Еліміздің құрама сапында өнер көрсеткен түркістандық ару 1 күміс, 5 қола медальді олжалап, жалпы 6 медальға қол жеткізді.  Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Еске сала кетсек, Дария Түркістан облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР