2024-04-27 21:43:40
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандық саңлақтар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль олжалады

Түркістандық саңлақтар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль олжалады

Астана қаласында белбеу күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты өтті.  Оған Түркістан облысының ең таңдаулы деген 8 балуаны қатысып, 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медальға қол жеткізді. Классикалық түрінен 57 келі салмақта өнер көрсеткен  Қалмахан Тұрмағамбет екі дүркін әлем чемпионы атанды. Бұдан басқа 75 келі салмақта облыс намысын қорғаған Ақтөре Сұлтанбекұлы деген жас балуан топ жарып, алтыннан алқа тақты.

Сонымен қатар, 90 келі салмақта дарынды балуан Айдарбек Тоқтарбек те екі дүркін әлем чемпионы болып, жанкүйерлерін қуантты. Айдарбек те өткен жылы Өзбекстанның Наманган қаласында жалауы желбіреген әлем чемпионатының шыңын бағындырған болатын.

Белбеу күресінің еркін түрінен 75 келіде сынға түскен болашағынан мол үміт күттірген Төребек Молдашев күміс жүлдегер атанды. Ал, талай халықаралық додаларда топ жарып келе жатқан Түркістан облысының талантты балуан қызы Перизат Жақыпбекова қола жүлдені қанағат етті. Айта өтерлігі, Қазақстан ұлттық құрама командасы 6 алтын алса, соның үшеуі Түркістан облысының дарынды балуандары алтын медаль жеңіп алып, спорт сүйер қауымды қуантты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР