2024-07-27 07:32:48
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандық ескекшілер VI Қазақстан Республикасының спартакиадасының күміс жүлдегері атанды

Түркістандық ескекшілер VI Қазақстан Республикасының спартакиадасының күміс жүлдегері атанды

Орал қаласында еліміздің барлық өңірлерінен ең талантты деген ескек есушілері кезекті Қазақстан Республикасының IV жазғы спартакиадасының жүлдесін сарапқа салды. Байдарка және каноэде есуден 11 облыстан 120 саңлақ жарысқа қатысып, күш-жігерлерін көрсетті.

Чаған өзенінде бақтарын сынаған саңлақтар жекелей және жұптық сында, сонымен қатар төрттік сында өнер көрсетіп, шеберліктерін көрсетті. Түркістан облысының намысын жоғары деңгейде қорғаған спортшылар білікті басшы Денис Жәрменов басқаратын облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған спорт мектебінің талантты шәкірттері, Түркістан облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі мен олимпиада резервін даярлау орталығының дарынды спортшылары жарыс жолына шығып, 22 медалдер жиынтығын жеңіп алды.

Нәтижесінде 7— алтын, 8 — күміс пен 8 —  қола алқаны еншілеген түркістандықтар командалық есепте екінші орын иеленді.  Облысымыздың талантты ескек есушісі

Раматулла Бекарыс — Артём Терещенко ерлер арасында байдаркадан жұптық сынында 500 метрлік қашықтықта жеңімпаз атанды. Ал, республикамызға танымал әрі талай халықаралық додаларда топ жарып жүрген  жерлестеріміз Ольга Шмелева — Артём Терещенко ескек есу спортынан жұптық сайыста  500 метр қашықтықта сынға түсіп, алтын медалді қанжығасына байлады. Олимпиада ойындарында су спорт түрлері көптеп медальдер жиынтығын беретіні белгілі. Төрткүл дүниеге танымал қаншама даңқты спортшылар байдарка және коноэде ескек есуден олимп шыңын бағындыруда. Осы ретте, Түркістан облысының бапкерлері Париж олимпиадасы қарсаңында нағыз бабында тұрған бірқатар спортшыларды әлемдік деңгейде дайындағанын көпшілік осы ҚР жазғы спартакиадасының қорытындысында байқады.

Жеңіске деген күш-жігерлері басым облысымыздың дарынды саңлақтары Виталий Суша — Виктор Панкратов,  Артём Терещенко — Раматулла Бекарыс ерлер арасындағы төрттік бойынша  200 метрлік қашықтықта өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды.

Ал, еліміздің әр аймақтарынан ең мықты деген ескек есушілер жиналған бұл додада әйелдер арасындағы төрттік сынында

Евгения Тютюкина — Карина Семеникина — Наталья Сергеева — Ольга Шмелева  200 метрлік қашықтықта топ жарды.

Айта өтерлігі, каноэде ескек есуден жұптық сынында  1000 — 500 — 200 метрлік барлық қашықтықта тамаша өнер көрсеткен түркістандықтар Ульяна Киселева — Дарья Корыткинаға тең келер ешкім болмады.

Жігерлік жолында тынбай еңбек еткен жерлестеріміз биылғы жазғы Қазақстан Республикасының спартакиадасында ғаламат жетістіктерге жетті. Табанды еңбек саңлақтар мен бапкерлердің мерейін үстем етті. Түркістан облысының ескек есушілер командасы  талантты жас спортшылармен де толыққан болатын. Бұл жазғы ҚР Спартакиадасындағы жарқын жетістіктер болашаққа деген нық сенімді арттыра түсті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР