2024-02-27 10:29:55
-4.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандық ерекше балалар спортпен айналысуға мүмкіндік алды

Түркістандық ерекше балалар спортпен айналысуға мүмкіндік алды

Енді еліміздегі жалғыз арнаулы кәсіптік колледжде оқитын тірек-қимыл жүйесі бұзылған I, II және III топтағы ерекше балалардың өздеріне ыңғайлы параолимпиадалық спорт түрімен айналысуларына мүмкіндіктері бар. Түркістан облысы, Кентау қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ және «Эко Атамекен» ҚБ бірлесіп алғаш рет бейімделген спорт бойынша бочча секциясын ашты.

Бүгінде еліміздің 21 қаласы мен елдімекенінде тегін инклюзивті және бейімделген спорт секцияларының желісі құрылып, мыңнан аса ерекше бала спорттың 12 түрінен жаттығуларға қатысып жатыр.

«Саламатты болашақ» жобасының мақсаты – ерекше балалардың және  ата-аналарының арманын орындау. Мұнда бочча, голбол, адаптивті жүзу, каратэ, таэквондо, дзюдо, пионербол, футбол, бейімделетін жеңіл атлетика, инклюзивті хореография секілді спорт түрлеріне қатысуға болады.

Айта кетейік, аталған қордың қаржыландыруымен Түркістан өңірінде соңғы 5 жылда 1,8 млрд. теңгеге 23 жоба жүзеге асты. Оның ішінде, «Қамқорлық» оңалту орталықтары, «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы 6 мыңнан астам оқушыға мектеп құралдарын алып беру, мектепішілік санитарлық тораптар орнату және ауылдық медицина нысандарына жаңа жедел жәрдем көліктерін табыстау сияқты қадамдар бар. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР