2024-05-01 03:35:05
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандық делегация Ташкент облысындағы экотуристік нысандардың жұмысымен танысты

Түркістандық делегация Ташкент облысындағы экотуристік нысандардың жұмысымен танысты

Түркістан облысының туристік әлеуетін насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық топ Өзбекстандағы сапарын Бостандық ауданынан бастады. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің директоры Серік Сандыбаев бастаған делегация құрамы, Түркістан облысының туристік операторлары Темірхан Назаров және Исмаил Омаралиев таулы аймақтағы демалыс орындарының жұмысымен танысты.

Аталмыш топты көршілес елдегі «Высота» жобасының жетекшісі, Қазақстандағы «Klad» туристік агенттігінің негізін қалаушы Евгений Малахов қарсы алып, «Шарбақ» арнайы туристік аймағы, «Amirsoy Resort» курортында балалар туризмін дамыту жөнінде тәжірибе алмасу жүргізілді. Евгений Малахов жеке қаржысы есебінен аталған аймақта 14 күн бойы табиғат аясында демалып қана қоймай, экстремалды спорттық-туризмнің негіздерін меңгеретін «Высота» жас туристер үйірмесін құрған. Жас туристік үйірме бір ауысымда 38-50 балаға дейін қабылдап, балаларға жартасқа өрмелеу, таудағы қауіпсіздік, GPS бағдарлау, роликті коньки тебу, ағылшын тілінде логикалық дәрістер, экологиялық сауаттылық, ойындар мен шығармашылық іс-шаралары ұйымдастырылады.

Түркістандық делегация осындай жобаны өз елімізде де қолға алу жайын талқылап, таулы аймақтарда экстремалды парк және отбасыларға арналған демалыс орындарын ашуды ұсынды. Ақпараттық топ Beldirsoy, Chimgon туристік орындары мен Charvak су қоймасында болды.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР