2024-04-28 18:34:23
15.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандық Азия жүлдегері елге оралды

Түркістандық Азия жүлдегері елге оралды

Сары құрлық елдерінің кіл мықты саңлақтары бас қосқан Қытайдың Ханчжоу қаласында аяқталған жазғы Азия ойындарында жаңа таланттар танылды. Каратэден түркістандық спортшы Әсел Қанай Қазақстанның намысын қорғады. Ол 61 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Қола жүлде үшін өткен таласта Әсел Иран спортшысы Атуша Голшаднежадты 1:0 есебімен ұтқан болатын.

Азия ойындарының қола жүлдегері Әсел Қанай елге оралды. Жеңімпазды Түркістан әуежайынан жерлестері зор қошеметпен қарсы алды. Салтанатты шараға Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты барлық спорт мекемесі мен спорт саласының қызметкерлері, жүлдегердің жақындары келді.

Жиын барысында басқарма басшысының орынбасары Айдос Қалтаев Париж олимпиадасы қарсаңында өңірде олимпиадалық бағыттағы барлық спорт түрлерін дамытуда жаңаша бағыттағы жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Ал ел үмітін ақтаған Әселдің әжесі немересінің спорт жолындағы табысына ерен еңбек жетеледі дейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР