Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы тапсырысымен Жаңа Түркістанды жарнамалау, облыстың туристік нысандары әлеуетін насихаттау мақсатында 2023 жылдың 5-7 маусым аралығында 3 күндік «Түркістанды көргім келеді!» атты тележобасының екінші маусымы өтуде.
Байқауға ел ішінде видео түсіріп, өңдеу, монтаждау, объектіден репортаж жасауға қабілеті бар блогер-мобилографтар қатысуда.
Жобаның маңыздылығы – қаланы және облыс аумағындағы туристік орталықтарды барынша танытуға күш салады. Сондай-ақ, еліміздің әр түкпірінен, шет мемлекеттерден келетін, киелі мекен Түркістанды көргісі келетін саяхатшылардың көбеюіне өз септігін тигізеді.
Үздік деп танылған қатысушылар арнайы сыйақымен марапатталады. «Түркістанды көргім келеді» жобасы «Turkistan» телеарнасынан және арнаға қарасты барлық әлеуметтік желілерден таратылуда.