2024-06-15 06:46:22
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандағы ашық алаңдарда тегін жаттығу сағаттары өтіп жатыр

Түркістандағы ашық алаңдарда тегін жаттығу сағаттары өтіп жатыр

Облыс орталығы – Түркістан қаласында халық арасында бұқаралық спортты дамыту бағытында түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. Балалар үшін спорттық шаралардың барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету – басты назарда. Соған сәйкес Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы»  қаладағы ашық алаңдарда тегін жаттығу сағаттарын жүргізіп жатыр. Қаланың 48 ашық алаңында ұйымдастырылған жаттығу сағаттарына 6-17 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Спорт клубының 28 спорт нұсқаушысы арнайы белгіленген ашық алаңдарда баскетбол, футбол, стритбол сынды спорт түрлерінен жаттығу сағаттарын өткізуде. Әр ашық алаңда ойындар аптаның дүйсенбі – жұма күндері, сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін жалғасады.

Бұдан бөлек, Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубында» тегін үйірмелерде қарастырылған. Үйірмелерге 6 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер футбол, стритбол, үлкен теннис сынды спорт түрлеріне жазылып, шыныға алады.

Айта кетейік, бүгінде спорт клубында 28 спорт нұсқаушысы, 20 жаттықтырушы жұмыс істейді. Спорт нұсқаушыларының еңбек өтілі 3 жылдан басталса, жаттықтырушылардың спортта 5 жылдық тәжірибесі бар.

Ақпарат алу үшін 8 707 222 17 10 байланыс нөмір арқылы хабарласа аласыздар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР