2024-07-27 09:27:51
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда «Ясауи білім тарату орталығы» ашылды

Түркістанда «Ясауи білім тарату орталығы» ашылды

Түркістанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының

«Ясауи білім тарату орталығы» ашылды. Бұл орталық облыстың 5 жылдығына  арналған «Экологиялық жағдайды жасыл желектерді дамыту жолымен жақсарту және ауыл шаруашылығы дамуындағы мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ашылып отыр. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, еліміздің және Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан мен Пәкістан елдерінің белгілі ғалымдары қатысты.

Конференция қонақтары Түркістанның «Жасыл белдеу» нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Олар Түркістанды жасыл желекке орау бойынша қажырлы еңбекке оң бағаларын беріп, еңбекті дамыту үшін өзара тәжірибе алмасып, ой-пікірлерімен бөлісті. Климаты құрғақ Түркістанда жасыл желекті жетілдірудің аса қиындығын тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР