2024-04-28 15:51:22
13.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда Тұран дауысы қалықтады

Түркістанда Тұран дауысы қалықтады

Түркістанда қазақ әндерін әлемге паш ететін халықаралық фестиваль өз мәресіне жетті. «Voice of Turan-2023» деп аталатын халықаралық қазақ әндері фестивалінде екі күн бойы қатысушылар бақ сынады. Әлем елдерінен келген өнер иелері Түркістан аспанын әнге бөледі.

Түркістан облысының 5 жылдығына және Республика күніне орай, облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткен фестиваль мақсаты – төл музыканы, қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын, қазақ тілін насихаттау. Ән арқылы әлемге халқымыздың музыка мәдениетінің сан алуандылығын паш ету. Ұлы Дала елінде туындаған шығармаларда айқын сақталған музыкалық ерекшеліктерді көрсету. Түркі әлімнің рухани астанасы – киелі Түркістанды насихаттау.

Байқау шартына сәйкес бірінші күні жеребемен Еуропа мен Азия әншілері қазақ өнерінің шеберлерімен бірге дуэт орындады. Ал екінші күні өз таңдауындағы қазақ әнін шырқап, сынға түсті. Сондай-ақ фестиваль барысында продюсер Мейіржан Алиакбаровтың ұйымдастыруымен түркістандық «Таңба» фольклорлы тобының тұсауы кесілді. Жеңімпаздарды Төлеген Мұхамеджанов,  Сәкен Майғазиев, Маржан Арапбаева, Мөлдір Әуелбекова,  Нұржамал Үсенбаева, Алтынай Жорабаева, Мадина Сәдуақасова, Ардақ  Балажанова, Қалқаман Сарин, Нұрғиса Дәуешов, Мархаба Сәби сынды шығармашылық өкілдері, танымал орындаушылар, композиторлар мен продюсерлер бар кәсіби қазылар алқасы  анықтады.  Байқау қорытындысы бойынша, барлық қатысушыға арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды. Қазылар алқасының шешімімен Лаэлия Алиева (Әзербайжан) биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған жобаның бас жүлде иегері атанды. Жүлделі І орын Татьяна Ефремеоваға (Татарстан), ІІ орын Маргарита Шибаеваға (Беларусь), ІІІ орын Анри Гучмаидже (Грузия) мен Лоуйс Мелге (Испания) бұйырды. Ал Атие Чига (Түркия) «Ең үздік өңделген ән» номинациясымен, Грейдэр Варона (Куба) «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды. Кристиян Янкулов (Болгария),  Зайнетдин (Башқұртстан), Солонарь Валерий (Молдова) байқаудың арнайы дипломанты атанды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР