2024-07-27 12:36:10
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда «Tourist time» жобасы жалғасып жатыр

Түркістанда «Tourist time» жобасы жалғасып жатыр

Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыруға бағытталған «Tourist time» жобасы әр апта сайын тұрақты түрде өтіп келеді. Шетелден және еліміздің өзге аймақтарынан келуші қонақтар мен қала тұрғындары аталмыш жобаның түрлі ойындарына қызығушылықпен қатысып, жеңімпаздар сыйлыққа ие болып жатыр.

Кезекті бағдарламаның 1-орын иегері «Silk way» қонақ үйіне екі адамға жолдама алса, 2-орынға «Altyn Samuryq» ұшатын театрға 2 билет, ал 3-орынға кинотеатрға 2 билет, сондай-ақ ойын барысында үздік қатысушыларға «Baloo» балалар ойын алаңына сертификаттар берілді. Марапаттар мен сыйлықтарды «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің бас директоры Серік Сандыбаев табыстады.

Еске салсақ, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-і мен «Turkistan» телеарнасының бірлескен «Tourist Time» жобасы 14 шілде күні басталған болатын. Жоба барысы телеарнада тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Алдағы аптаның жұма күні «Ұлы дала елі» орталығының алаңында жоба жалғасады.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР