2024-03-28 16:50:16
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда тоғызқұмалақтың рапид және блиц түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

Түркістанда тоғызқұмалақтың рапид және блиц түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының рапид және блиц түрлерінен жекелей чемпионатының басталды. Осы орайда бастау алған шараның ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің басқарма төрағасы-ректор Айдос Сәкенов, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Дәулет Абдикаримов, облыстық спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, баршасына сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Бұл ретте ұлттық спортымыз тоғызқұмалақтың да алар орны ерекше. Қазақ елінің спортшылары алдыңғы ойындарда әлем бойынша қарсылас шыдатпай, осы зияткерлік ойынның төл мұрагерлері екенін дәлелдеумен келеді. Ал Түркістан төріндегі бұл чемпионатта ұлттық құрамаға лайықты мықтыларды анықтамақ.

Елшілік сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Алматы облысы, Ақтөбе, Абай, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Костанай, Павлодар, Ұлытау және Түркістан облыстарының құрама командалары бақ сынауда.

Бүгінде қанатын кеңге жайған ұлттық спорт әлемдік деңгейде насихатталуда. Негізгі мақсат – ұлттық құраманы жасақтап, Моңғолия елінде өтетін Азия чемпионатында жақсы нәтиже көрсету. Сонымен қатар Руминияда өтетін әлем кубогінде спортшыларды іріктеу көзделген. Жарыс жеңімпаздары 26 мамырда белгілі болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР