2024-07-27 13:37:41
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда Төрекелді Байтасовты еске алу кеші өтті

Түркістанда Төрекелді Байтасовты еске алу кеші өтті

Бүгін Түркістандағы «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасында белгілі баспагер, журналист Төрекелді Байтасов еске алуға арналған «Тұлғасы таудай Төрекелді» атты еске алу кеші өтті. Шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры Сейдулла Садық, ғалым, журналист, профессор Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры Бекжігіт Сердәлі бастаған зиялы қауым өкілдері мен белгілі қаламгер, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кешті Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры Сейдулла Садық тізгіндеді. Шараны кітапхананың тұрақты оқырмандары автордың «Ұйқы ашқан ойлар» шығармасынан үзінділер оқумен ашты. Ал кітапханашылардың «Анамның көрген түсі» шығармасынан сахналық қойылым көптің көңіліне мейірім ұялатты. Сонымен қатар шара барысында арнайы жасақталған көрме инсталляция таныстырылып, баяндама оқылды.

Мазмұнды шараның ашылуында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай, «Фараб» кітапханасының директор орынбасары Жанар Аманжолова сөз сөйлеп, дара тұлғаның артында қалған мол мұрасы жайлы баяндады. Сонымен қатар көзін көргендер естелігімен бөлісіп, ер есімін ұмытпас үшін ұсыныстарын ортаға салды.

Төрекелді Байтасов Орта Азиядағы тұңғыш жекеменшік тәуелсіз «Жібек жолы» журналын шығарушы, «Жібек жолы» баспасының президенті әрі бас редакторы, «Ұйқы ашқан ойлар», «Көктөбе сағымдары», «Оттай ыстық өмір» шығармаларының авторы ретінде тарихта аты қалды. Кеш соңында біртуар тұлғаның ұлы журналист Төребек Байтасов келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, әке туралы ой толғады. Сонымен қатар шараға атсалысқан жас буынға Алғыс хат табыстап, ізгі тілегін білдірді.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР