2024-07-27 11:49:01
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда таеквондодан ересектер арасында Қазақстан Кубогі сарапқа салынуда

Түркістанда таеквондодан ересектер арасында Қазақстан Кубогі сарапқа салынуда

Бүгін Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогі басталды. Еліміз бойынша ең таңдаулы деген спортшылар қатысқан додада өте тартысты өтуде. Биыл Қытайдың Ханчжоу каласында кезекті жазғы Азия ойындары өтеді. Онда сары құрлық елдерінің іріктелген саңлақтары бақ сынайды. Осы орайда еліміздің құрамасын жасақтау үшін таеквондодан Түркістанда ел кубогі бәсекесі өтуде. Сайыстың ашылу салтанатында облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов арнайы қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтады.

— Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толды. Осы уақыт аралығында облыс көлемінде 46 спорт нысаны салынып, ел игілігіне берілді. Оның ішінде, Түркістан қаласында заман талабына сай бой көтерген «Түркістан-Арена» стадионы, Теннис орталығы, осы жарыс өтіп жатқан «Олимпик Центр» спорт кешенін айтуға болады. «Мұз сарайы» кешенінің құрылысы аяқталды, жақын уақытта ашылуы жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Ескек есу» базасының құрылысы жүруде. Бұл спорт нысандары салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спорттың дамуына тың серпін береді деген сеніміміз бар. Бүгінгі таеквондодан Қазақстан кубогін сарапқа салып жатқан спорттық іс-шараның маңыздылығы өте жоғары. Сонықтанда барша жарысқа қатысушы саңлақтарды және бапкерлерді құттықтаймын. Мықтылар жеңіске жете берсін. Сондай-ақ, жарыс қорытындысына сәйкес, күз айында Қытай елінде өтетін кезекті Азия ойындарында ел намысын қорғайтын құрама команда жасақталатын болады, — деді Еркеғали Амантайұлы.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Қазақстан таеквондо федерациясының вице-президенті Арман Шылманов, еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Әлішер Аймұхамбетов қазір көптеп жергілікті жастар бұл спортқа көптеп ден қойып жатқанын айттып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Татами шеберлерінің бәсекесіне еліміздің 20 өңірінен 210 спортшы қатысып, ұлдар мен қыздар 10 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтайтын болады. Алдағы үш күннен соң жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, топ жарғандар күз айында Қытайдың Ханчжоу каласында жалауы желбірейтін жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР