2024-03-19 08:17:12
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда Созақ ауданының мәдениет күндері жалғасуда

Түркістанда Созақ ауданының мәдениет күндері жалғасуда

Этноауылда Созақ ауданының мәдениет күндері жалғасын тапты. Облыстық «Өнерлі өлке» өнер фестивалі аясында өтіп жатқан шарада «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атауымен қолөнер және қылқалам шеберлерінің жәрмеңке-көрмесі өтті. Ерекше қолөнер бұйымдарына қалаға саяхаттап келуші туристер таңданысын білдіріп жатты. Сонымен қатар мұнда «Туған жерге тағзым» атты ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын көрме де жасақталған.

Өңірдің рухани және мәдени әлеуетін арттыру мақсатындағы шараға «Өлкемізді өзгелер де танысын», «Гүлдене бер, түрлене бер, Түркілер төрі – Түркістан!» атты Түркістан облысының 5 жылдығына және Созақ ауданының 95 жылдығына арналған кітап көрмесі, бұдан бөлек «Тірлігі төрге, өндірісі өрге озған өлке» атты аудандық ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған.

Айта кетейік, Созақ ауданының Түркістан қаласындағы мәдениет күндері 28 мамыр күні сағат 19:00-де «Visit Turkistan» орталығы алаңында аудан өнерпаздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен қорытындыланады.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР