2024-02-27 09:19:20
-5.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда шығармашылық би үйірмесінің концерті өтті

Түркістанда шығармашылық би үйірмесінің концерті өтті

Түркістанда қаласындағы Амфитеатрда мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында ашылған «Turkistan Special Dance» би мектебінің есептік концерті өтті. Аталған шараға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Ержігіт Сартаев арнайы қатысып, ашып берді. Сонымен қатар мектеп директорына басқарма басшысының құттықтау хат табыстады.

Концерт барысында  домбырашылар да өнер көрсетті. Үйірмеге қатысушылар әртүрлі жанрдағы би билеп, көптің ықыласына бөленді. Сонымен қатар, шарада «Айнамкөз» өнер мектебінің ашылғаны хабарланды. Кеш соңында мұғалімдер мен оқушыларға би мектебі атынан сый-құрмет көрсетілді.

«Turkistan Special Dance» би мектебі 2021 жылы мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында ашылған болатын. Қазіргі таңда ұлттық және заманауи би жанры бойынша 55 бала би үйірмесіне қатысуда.

Айта кетейік, өңірімізде мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында биыл 15 270 баланы қамту жоспарланған. Қазіргі таңда artsport.edu.kz платформасында облыс көлемінде 77 кәсіпкер тарапынан 310 шығармашылық үйірме ашылып, 10 350 бала 43 шығармашылық үйірме түрімен шұғылданып жатыр.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР