Түркістандағы облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында драматург, жазушы Сая Қасымбектің «Саяның сырлы әлемі» атты шығармашылық кеші өтті. Кездесуде режиссердің бауырлары мен Шойбек Орынбай, Ұлжан Мұстафаева, Бекжігіт Сердәлі, Бекарыс Шойбек, Дәурен Айманбет бастаған кеш қонақтары драматург туралы өз естеліктерімен бөлісті.
Кеш аясында кейіпкердің «Көк бөрілері» кітабының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театрының әртістері Сая Қасымбек режиссерлік еткен Мар Байджейптің «Жекпе-жек» қойылымын сахналады.
Шара барысында кеш кейіпкерінің сөзіне жазылған Ұлжалғас Шілдебаеваның орындауында «Тәтті елес» әні шырқалды. Сонымен қатар арнайы дайындалған бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Келелі жиын соңында кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова кеш иесіне Облыстық мәдениет және туризм басқармасының алғыс хатын табыстап, құрмет көрсетті
Айта кетейік, Қазақстан театр сыншылары қоғамының сараптауымен 2020 жылы Қазақстан театрларында Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Уильям Шекспир, Антон Чехов секілді классиктердің, Дулат Исабеков, Сұлтанәлі Балғабаев, Шахмет Құсайынов секілді шығармалары көп қойылған 15 драматург тізіміне Сая Қасымбек есімі де енген.
Түркістан облысының мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі