2024-07-27 09:35:00
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда Сауран ауданының мәдениет күндері басталды

Түркістанда Сауран ауданының мәдениет күндері басталды

Түркістанда облыстың 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Сауран ауданының мәдениет күндері басталды. «Visit Turkistan» орталығы алаңында мәдениет үйі қызметкерлері сахналаған «Бір кем дүние» көрінісімен басталған мерекелік думанды белгілі айтыскер, «Алтын домбыра» иегері Еркебұлан Қайназаровтың арнауы жалғады.

Салтанатты шараға аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев арнайы қатысып, жаңа құрылған ауданның тарихтағы орны мен қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Сонымен қатар облыс жұртшылығын мерекемен құттықтады.

Аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен гала-концертте Нұржан Төлендиев, Бақытжан Мұстафаев, Нұржан Қалжан, Данияр Барыс сынды елімізге танымал жұлдыздар өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар көркемсөз оқылып, эстрадалық әндер шырқалды.

Айта кетейік, Сауран ауданының Түркістандағы мәдениет күндері үш күнге жалғасады. 3 маусым күні сағат 11:00-18:00 аралығында Этноауыл аумағында қолөнер және қылқалам шеберлерінің көрмесі өтсе, 4 маусым күні сағат 10:00-18:00 аралығында Этноауыл аумағында салт-дәстүр мен әдет-ғұрып көріністері және ұлттық спорт ойындарынан сайыс өтеді.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР