2024-07-27 12:50:09
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда Сарыағаш ауданының мәдениет күндері жалғасуда

Түркістанда Сарыағаш ауданының мәдениет күндері жалғасуда

Түркістан облысының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Сарыағаш ауданының мәдениет күндері жалғасуда. Этноауыл аумағында «Сарыағаш сыйы» атты Сарыағаш ауданында өндірілген өнімдер мен ауылшаруашылығы өнімдерінен жәрмеңке-көрме өтті.

Шара аясында терме, халық әндері мен дәстүрлі әндер орындалып,  арқан тартыс, қошқар көтеру, қазақша күрес, кір тасын көтеру сынды ұлттық спорт ойындарынан келушілер арасында сайыстар ұйымдастырылды.

Өнер фестивалі аясындағы Сарыағаш ауданының мәдениет күндерінің алғашқы күні Этноауыл аумағында «Асыл мұра» атты қолөнер және қылқалам шеберлерінің көрмесі жасақталып, ұлттық салт-дәстүр мен ғұрыптардан көріністер сахналанған болатын.

Ертең, 11 маусым күні сағат 20:00-де «Visit Turkistan» орталығы алаңында «Өнерлі өлке» атты өнер жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт мәдениет күндерін қорытындылайтын болады. Концертте Сарыағаш ауданынан шыққан өнер жұлдыздары ҚР Мәдениет қайраткері Медеу Арынбаев, белгілі кино және театр актері Мейірғат Амангелдин, «Саялы Сарыағаш» этно фольклорлық ансамблі, Сапаховтар отбасылық ансамблі және ауданның көркем өнерпаздары өнер көрсетеді.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР