2024-07-27 12:34:09
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда Сарыағаш ауданының мәдениет күндері басталды

Түркістанда Сарыағаш ауданының мәдениет күндері басталды

Түркістан облысының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің көшін Сарыағаш ауданы жалғады. Этноауыл аумағында «Асыл мұра» атты қолөнер және қылқалам шеберлерінің көрмесінен бастау алған ауданның мәдениет күндері қала тұрғындары мен қонақтарын тамсандырды.

Рухани-мәдени шара аясында ұлттық салт-дәстүр мен ғұрыптардан, атап айтқанда әлпештеу жырлары, дуалы ауыздан бата алу, танабау тағу, естелік үлестіру, қызды оң босағаға отырғызу секілді көріністер көрсетілді. Ал сахнада ойын-сауық түрлері де келушілерді бейжай қалдырмады. Сонымен қатар терме, халық әндері мен дәстүрлі әндер орындалды. Мұнда ұлттық спорт ойындары да шет қалмады. Асық ату, ләңгі тебу, жаяу тартыс пен хан алшыдан сайыстар өткізіліп, шетелдік туристердің қызығушылығын тудырды.

Өнер фестивалі аясындағы Сарыағаш ауданының мәдениет күндері 3 күнге жалғасады. 10 маусым күні сағат 15:00-20:00 аралығында Этноауыл аумағында «Сарыағаш сыйы» атты Сарыағаш ауданында өндірілген өнімдер мен ауылшаруашылығы өнімдерінен жәрмеңке-көрме өтеді. Шара аясында терме, халық әндері мен дәстүрлі әндер орындалып,  арқан тартыс, қошқар көтеру, қазақша күрес, кір тасын көтеру сынды ұлттық спорт ойындарынан келушілер арасында сайыстар ұйымдастырылады.

Ал 11 маусым сағат 20:00-де «Visit Turkistan» орталығы алаңында «Өнерлі өлке» атты өнер жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт мәдениет күндерін қорытындылайтын болады. Концертте Сарыағаш ауданынан шыққан өнер жұлдыздары ҚР Мәдениет қайраткері Медеу Арынбаев, белгілі кино және театр актері Мейірғат Амангелдин, «Саялы Сарыағаш» этно фольклорлық ансамблі, Сапаховтар отбасылық ансамблі және ауданның көркем өнерпаздары өнер көрсетеді.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР