2024-07-27 13:57:22
36.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті

Түркістанда қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті

Түркістан қаласында  қолөнер бұйымдарының кезекті жәрмеңкесі өтті. 106-ға жуық жас қолөнер шеберлері өз туындыларын келушілер назарына ұсынды.

Аталған шарада қала әкімі  Нұрбол Тұрашбеков жас қолөнершілерге қолдау көрсету үшін арнайы келіп қатысты.

– Қазақ үшін рухани мұрамыздың алар орны ерекше. Ежелден ұлттық ерекшелігіміз бен болмысымызды қолөнер арқылы тарихта таңбалап жүрген шеберлеріміз аз болған жоқ. Осы ұлы өнерді өшірмей, дәріптейтін жастарымыздың бары қуантады, – деді қала басшысы.

Жас қолөнершілерге Алғыс хат табысталып, сый-сияпат жасалды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР